Елубаев Жұмагелді Сәкенұлы
Қазақстандық мұнай және газ саласындағы заңгерлер ассоциациясының президенті (KPLA), «Шеврон» халықаралық энергетикалық корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы құқықтық кеңесшісі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң ғылымдарының докторы, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры. Төрешілердің Корольдік Институтының (Member of the Chartered Institute of Arbitrators, «MCIArb») мүшесі, Қазақстанның коммерциялық заңгерлерінің (KazBar) мүшесі, Англия-Ресей заңгерлер ассоциациясының мүшесі, бірнеше коммерциялық төрелік соттардың төрешісі.РСФСР, Омбы облысында туылған. Свердлов заң институтының соттық прокуратуралық факультетін аяқтады.
Әр жылдары Свердловск қаласындағы Ішкі істер бөлімінде Көліктегі инспектор, РСФСР Свердловск облысының Ивдель қалалық халық сотында төреші, Алма-Ата қалалық сотында қылмыстық істер жөніндегі төрағасының орынбасары, Қазақстанның Компартиясының ОК мемлекеттік-құқықтық бөлімінде нұсқаушы және кеңесші, Қазақстан Республикасының Жоғары Сотында төреші, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының Келісімшарттық-құқықтық бөлімінде бас менеджер қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарын дайындауға қатысты, атап айтқанда «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы», «Прокуратура туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Адвокаттық қызмет туралы», «Сот приставтары туралы», сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалды, Азаматтық, Азаматтық-процессуалды кодекстерін дайындауға қатысты. Бірнеше «Сот приставтары туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» сияқты заңнамалық актілерін, сонымен қатар Қылмыстық Кодексті Қазақатан Республикасы оның баяндамасымен қабылдады.
«Вестник Верховного Суда РК» (ҚР Жоғары сот жаршысы), «Заң және Заман» журналының редакциялық коллегиясының мүшесі болды. Орыс және ағылшын тілдерінде шығатын «Недропользование и право» (Жер қойнауын пайдалану және құқық) журналын құрушы және бас редакторы.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдерімен, «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» ведомстволық медалімен, KAZENERGY ассоциациясының ведомстволық медалімен марапатталды, «Цицерон» халықаралық сыйлықақысының иегері.
100-ден астам ғылыми басылымдардың авторы, соның ішінде: «Мысли о праве» (Құқық туралы ойлар), «Ответственность за преступления в сфере финансово-кредитных отношений» (Қаржылық кредиттік қатынастар саласындағы қылмыстар бойынша жауапкершілік) (орыс және ағылшын тілінде шыққан монография); «Проблемы нормативного регулирования добычи, производства, хранения и транспортировки серы» (Күкіртті шығару, өндіру, сақтау және тасымалдауда нормативтік реттеу мәселелері) (ғылыми практикалық әдістеме) (орыс және ағылшын тілінде шыққан монография); «Недропользование и право в Республике Казахстан» (Қазақстан республикасында жер қойнауын пайдалану және құқық); «Проблемы правового регулирования недропользования: отечественный опыт и зарубежная практика» (Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу мәселелері: жергілікті тәжірибе және шетелдік практика (орыс және қазақ тілінде шыққан монография); «…И распахнется моя душа» (автобиографиялық әңгіме).
Еще по теме Елубаев Жұмагелді Сәкенұлы:
- Жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
- Жер қойнауын басқарудың конституциялық негіздері: проблемалар және болашақ
- ЗАҢНЫҢ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ - ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ
- Платежи на воспроизводство природныхресурсов
- 1.8. Расчеты наличными деньгами
- ЛІТЕРАТУРА
- Тема 8. Облік операцій з цінними паперами
- Список литературы
- Література
- СПИСОК ВИКОРИСТАНОЇ ТА РЕКОМЕНДОВАНОЇ ЛІТЕРАТУРИ
- Література
- Список рекомендованої літератури
- 1.1. "Былое и думы"
- 165. Как выглядит внутренняя структура палат парламента?
- Границы рынка в инфраструктурных отраслях экономики России